8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2026 58 0
Таза Қазақстан

Тазалық – ортақ міндет

Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірімізде санитариялық-экологиялық айлық жалғасуда. Бүгін Оралда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, қала аумағын тазарту мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік жұмыстары шаһар аумағындағы 10-нан астам учаскеде жүргізілді. Ауқымды тазалық акциясына түрлі еңбек ұжымдарынан 1300-ге жуық қызметкер мен 550 студент қатысып, 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 387 текше метр тұрмыстық қалдық шығарылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды. Сонымен қатар жеке сектор тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандары да өз аумақтарын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін күшейтеді. Қаланың тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның ортақ ісі екені анық. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау тек сенбілік өтетін күндермен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

Табиғатты аялау, туған өлкенің тазалығын сақтау – келешек ұрпаққа жасалған қамқорлық. Ал таза қала – тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші.

Әдемі Бақытжанқызы

Screenshot

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Тазалық – ортақ міндет
11 Сәуір 2026
58 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс қарқыны артып келеді
10 Сәуір 2026
110 0
Өзек
Бизнес нысандар тексерілді
09 Сәуір 2026
116 0
Өзек
Оралда жаңа көпір салынады
05 Сәуір 2026
310 0
Таза Қазақстан
Шаһарда шырша көшеттері отырғызылды
03 Сәуір 2026
339 0
Құттықтаймыз!
Президент Алғыс хаты табысталды
03 Сәуір 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»