8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2026 790 0
Өзек

Оралда жаңа көпір салынады

Орал қаласында жаңа инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында «Ақжайық» шағынауданын дамытуға бағытталған маңызды бастама қолға алынды. Жаңа шағынаудан мен қала орталығын байланыстыратын, өңіріміздегі соңғы 30 жыл ішіндегі алғашқы ірі көпір құрылысы басталмақ.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, құрылыс жұмыстарының басталуына орай уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға мердігер ұйым өкілдері, жауапты мемлекеттік органдар мен сала мамандары қатысты.

Болашақ ұрпаққа арналған бұл капсуланы ашу мерзімі 2076 жылға белгіленген.

Жалпы аталмыш жоба Ақжайық шағынауданы мен қала орталығын тікелей байланыстыруды көздейді. Жаңа көпір Шаған өзені арқылы салынады. Көпірдің ұзындығы шамамен 4 шақырымды, ені 14 метрді құрайды және төрт жолақты қозғалысқа арналған. Сонымен қатар шағынауданды орталықпен байланыстыратын жолдар мен ішкі орам жолдарының құрылысы жүргізіледі.

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «Казахдорстрой» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстарын «кілтке тапсыру» қағидаты бойынша жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта тиісті келісімшарт жасалып, жобаның қаржылық қамтамасыз етілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 35,8 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын 36 ай ішінде аяқтап, нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аталған жоба іске асырылған жағдайда қаланың көлік жүктемесі азайып, тұрғындардың қозғалыс мүмкіндігі жақсарады. Сонымен қатар Ақжайық шағынауданы мен оған іргелес аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына да елеулі серпін береді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
289 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
311 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
290 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
329 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»