8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2026 856 0
Қоғам

Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда

Орал қаласының прокуратурасы «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында қала әкімдігімен бірлесіп, мүліктің меншік иелері бірлестіктері төрағаларының қатысуымен кеңейтілген жұмыс кеңесін өткізді.


Басқосудың негізгі мақсаты – қала аумағындағы криминогендік ахуалы күрделі учаскелерді анықтап, оларды жүйелі түрде ретке келтіру, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы нақты шараларды пысықтау болды.
Жиын барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарындағы жарықтандыру мәселесі, бейнебақылау жүйелерін орнату, жертөле мен шатыр үй-жайларын жабу және пломбалау, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қолайлы жағдай туғызатын қауіпті аймақтарды жою сынды өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұндай инфрақұрылымдық жұмыстардың маңызы зор екені атап өтілді.
Кеңес барысында аулаішілік аумақтардағы проблемалық нүктелерді жедел анықтап, дер кезінде жою үшін мүлік иелері бірлестіктері төрағаларымен тығыз әрі тиімді өзара іс-қимыл орнату қажеттігіне ерекше мән берілді. Өйткені тұрғын үйлердің нақты жағдайын жақсы білетін осы бірлестік өкілдері құқық бұзушылықтың алдын алуда негізгі буындардың бірі саналады.

Толығырақ газетіміздің №15 нөмірінен оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
270 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
285 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»