8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2026 340 0
Мезгіл мәселесі

11,7 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды

Облыс әкімдігінде Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллиннің төрағалығымен бассейндік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.

Күн тәртібінде Жайық, Қараөзен, Сарыөзен және Қиғаш өзендерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің өту барысы, су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік жоспар, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін су пайдалану лимиттері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов суармалы жер көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатқанын жеткізді. Былтыр өңірде тұрақты суарылған алқап көлемі 12,4 мың гектарды құрады. Оның 6,7 мың гектарына мал азықтық, ал 2,5 мың гектарына дәнді дақылдар және 3,1 мың гектарына картоп, көкөніс пен бақша дақылдары егілді. 2026 жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы 12,1 мың га алқапты суару жоспарланды.

Салалық министрліктің нормативтік құжаты мен тиісті бұйрыққа сәйкес облысқа ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін 2026 жылы 35 млн текше метр пайдалану лимиті бекітілген. Алайда саладағы жалпы өнім көлемін арттыруға бағытталған өңірлік жоспарды орындау үшін бұл лимит аздық етеді. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары бассейндік кеңеске су пайдалану үшін рұқсат етілген көлемді қайта нақтылау туралы ұсыныс берді.

Консультативтік-кеңесші орган отырысының қорытындысы бойынша су ресурстарын үнемдеу, оларды бөлу және тиімді пайдалану тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізілді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
«Совет да согласие – залог успеха»
26 Шілде 2026
64 0
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
198 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
187 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
191 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»