Құрылыс қарқыны артып келеді
Қала – қым-қуыт қайнаған тіршілік. Ал сол тіршіліктің өзегі – баспана. Әр отбасының арманына айналған жылы ұя, жайлы мекен – қоғамның әлеуметтік ахуалын айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Оралда да бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Жыл өткен сайын тұрғын үйге деген сұраныс артып, жаңа шағынаудандар бой көтеріп, құрылыс алаңдары көбейіп келеді.

Қаланың келбеті жаңарып, инфрақұрылымы кеңейген сайын, баспанаға үміт артқан жұрттың да қарасы қалыңдай түсуде.
2026 жылы Орал қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда өңір бойынша тұрғын үй кезегінде 43 663 адам тіркелген. Оның ішінде 28 мың адам – қала тұрғындары болса, 14 мыңға жуық адам аудандардан. Осы сұранысты кезең-кезеңімен шешу мақсатында қалада бірқатар тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.
788 пәтерді қамтитын бес көппәтерлі тұрғын үй
Бүгінде «Ақжайық» шағынауданы мен Зашаған кентінде жалпы 788 пәтерді қамтитын бес көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Бұл үйлердің әрқайсысы әртүрлі деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтына жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12-шағынаудан, 2-кварталдағы №1 тұрғын үй 244 пәтерге есептелген. Нысанның келісімшарттық құны – 5 572 493 мың теңге. 2021-2024 жылдары 5 135 687,5 мың теңге игерілген. Осы аумақта орналасқан №4 тұрғын үйдің құрылысы да жалғасуда. Оның келісімшарттық құны – 4 501 701 мың теңге. 2025 жылға 436 805 мың теңге бөлініп, оның 153 041,5 мың теңгесі игерілген. Мұнда қабырғаларды көтеру және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп күтілуде.
Зашаған кентіндегі №42 тұрғын үй 208 пәтерге арналған. Оның келісімшарттық құны – 4 501 701 мың теңге. 2025 жылға 1 136 935 мың теңге бөлініп, 739 999,3 мың теңге игерілген. Сонымен қатар, 4-шағынаудан, 1 және 2-кварталда орналасқан №5 және №6 тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұл нысандарда әзірге жер жұмыстары жүргізілуде. №5 үйге 2025 жылы 1 662 345 мың теңге, ал №6 үйге 849 270 мың теңге қарастырылған. Мердігер ретінде «Болашақ-Т» ЖШС анықталған.
«Ақжайық» пен Зашағандағы көпқабатты үйлердің құрылысы әртүрлі деңгейде жалғасқанымен, барлығы да алдағы уақытта пайдалануға беріліп, жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік туғызбақ.
Толығырақ “Жайық үні” газетінің №15 санынан оқи аласыздар
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру