8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2026 481 0
Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан»: Шыңғырлау және Қобда аудандарының жастары экологиялық акцияда бас қосты

«Таза Қазақстан » жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен көршілес Ақтөбе облысының Қобда ауданы жастарының қатысуымен ауқымды бірлескен шара өтті.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл тағылымды бастама қос өңірдің белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырды. «Таза Қазақстан» акциясы – тек дәстүрлі сенбілік қана емес, бұл қоғамның, соның ішінде өскелең ұрпақтың экологиялық санасын жаңғыртуды көздейтін кең ауқымды қозғалыс.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне мемлекеттік органдар да қолдау көрсетті. Игі шараға Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы Исламбек пен Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сапарғалиұлы Құлбергенов арнайы қатысып, жастардың бұл қадамы ел болашағы мен экологиялық мәдениетті нығайтудағы маңызды серпін екенін атап өтті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
278 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
303 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
282 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»