8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Шілде 2022 3172 0
Қалалықтар қаперіне

Тасымалдаушы компания ауысты

1-ші шілдеден бастап Оралдағы №2 маршруттың қызметін «Батыс қазақстан автобус паркі» орындайтын болды. Өйткені «Оралтехсервис» ЖШС өз міндетін дұрыс орындамай, келісімшарт бойынша қойылған талаптарды атқармаған.

10 жылдан аса уақыт «Оралтехсервис» ЖШС жолаушылар тасымалдау қызметімен шұғылданып келді. Алайда соңғы жылдары бұл тасымалдаушы компанияның жұмысына сын көп. Мемлекеттен қолдау көре отыра, көліктер жаңартылмаған. Қызмет көрсету сапасы да көңіл көншітпейді. Сол себепті қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тасымалдаушы компаниямен келісімшартты бұзды. «Оралтехсервис» ЖШС 2-ші қоғамдық көліктен бөлек, 30 «Д» және 24-ші қоғамдық көліктерде жолаушы тасымалымен де шұғылданған болатын.Қызметінен айрылған серіктестік басшысы тақырға отырдық дейді. Өйткені жұмысшылардың ішінде автобус жүргізушілері 50 пайызға қысқартылыпты. «Оралтехсервис» ЖШС олқылықтардың орнын толтырып, қайта мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыса ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Естеріңізге сала кетеміз, осыдан екі жыл бұрын алдағы бес жыл ішінде қаладағы автобус парктері толықтай жаңартылатыны туралы қала әкімдігі мәлімдеме жасаған еді. Бұл шаруа межелі уақытта мақсатына жетеді деп үміттенеміз. Тек тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапалы, әрі жайлы болу тиіс.

  • Айнара ИСА
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»