8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2025 5972 0
Мәдениет

Тұғырынан таймаған Талап!

Бүгін 26 наурыз күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Елеулі есімдер » жобасы аясында Қазақстан және Қырғызстан Жазушылар Одағының мұшесі, ақын- ұстаз Талап Таймасұлымен «Жырым – мидағы жасын, жүректегі шуақ…» атты тақырыпта кездесу кеші өтті.

Шарада «Айналайын» атты кітабының тұсауы кесілді. Алдымен БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нигметуллин жылы лебізін айтып, облыс әкімі Н.Төреғалиевтың Алғыс хатын табыстады.

Бұдан соң «Айналайын» жаңа кітаптың лентасын БҚО жазушылар Одағы филиалының төрағасы Б.Ғұбайдуллин мен «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» Т.Сағынов қиды. Бұдан соң үзеңгілесі Б.Ғұбайдуллин жүрекжарды тілегін арнап,»Ақжайық» шипажайына тегін жолдама тарту етті.

Жылы шырайлы жүздесуде ақын – ұстаз өзінің өмірбаяны мен шығарғашылығы жөнінде әңгімелеп берді.

Одан әрі өзі жетекшілік ететін «Ақберен» жас ақындар мектебінің ақындары Талап Таймасұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, әншілер М.Хайдарова, Р.Хафизов, Н.Исламғалиевтер ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.

Кездесудің соңында Т.Таймасұлы жүздесуге келген қонақтар мен жерлестеріне алғысын айтып, жас ақындарға «Айналайын» кітабын сыйлады.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»