ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛСА…
Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың қадірлі қазынасы. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. Жалпы қанатты қағидалар қағаберісте, жай әншейін айтыла салмайды. Өмірден көрген түйін, тұрмыстан көрген тәжірибе бағалы сөздің салмағын санаға салады. Сондай жанның бірі Ақ Жайық өңіріне еңбегі сіңген, Орал қаласының қалыптасуына үлес қосқан, бүгінде ел ағасынан абыз ақсақалға айналған қоғам қайраткері, «Зерде-Память» қорының төрағасы, ардагер Қуанышбай Төлебайұлы жасы 70-тен асса да елдік мәселелерді көтеріп, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай зиялы қауым өкілдерімен бірге теміржол вокзалы алаңындағы В.И.Чапаевтың ескерткішін Ақжайық ауданына көшіріп, осы тұғырға «Қазақ елі» монументін тұрғызып, алаңды «Тәуелсіздік алаңы» деп атау жөнінде ұсыныс білдіріп жүрген Қуанышбай ағамыздан мәселенің мән-жайын сұраған едік.
– Бұл мәселе, мені көптен толғандырып келеді. Осы орайда қоғам белсенділерімен ой бөліскенімде, пікіріміз бір жерден шықты. Расында, теміржол вокзалындағы 1984 жылы орнатылған Чапаев ескерткіші егемен еліміздің еңсесін түсіріп тұр. Теміржолмен келген жолаушыны алдымен қылышын көкке көтеріп, жер тарпыған тұлпарымен Чапаевтың қарсы алуы ақылға сыймайды.
Мемлекет басшысы бастап, зиялы қауым қолдап, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту барысындағы игі жұмыстар басталуда. Соның ішінде Қазақстанның «Батыс қақпасы», еуразиялық орталық саналатын БҚО орталығы Орал қаласының геосаяси орны, рухани тарихы айрықша белгілі. Осыған байланысты өлкемізде тарихымызды, тұғырымызды бекітетін бір үлкен өнегелі іс керек боп тұр. Бірінші, Орал қаласынның орталығында Тәуелсіздікке, егемендікке, бостандыққа, бірлікке шақыратындар орындар, ескерткіштер, орталықтар керек. Бірақ, солардың кескін-келбеті айрықша құнды, бай болуы керек. Теміржолдың қасында үлкен алаңымыз бар, сол алаңға Кеңес дәуірінде зорлық-саясаттың нәтижесінде орнатылған Чапаев ескерткіші халықтың көңілінен шықпайды. Осы мүсінді шындап қолға алсақ, Чапаев ескерткішінің төрт бұрышын ағытып, қалалық саябақтағы бұрынғы тарихи тұлғалар тұрған қатарға апарып қоюға болады. Еш қиындығы жоқ. Қаржылай шығын да кетпейді. Соның орнына егемендіктің нағыз туын көтеретін, қаламыздың ажарын ашатын, алыстан «мен мұндалайтын», рухымызды көтеретін ескерткіш керек, – дейді Қ.Төлебаев.

Сол секілді Қуанышбай ағамыз Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласына Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату жөнінде де ұсыныс білдірген екен. Елдегі пандемия жағдайы тұрақталған соң Абай ескерткішін орнату жұмыстары жергілікті әкімдікпен жүргізіледі деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу