8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2019 1563 0
Қалалықтар қаперіне

ТҰТЫНУШЫ САТУШЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАСЫН СҰРАУҒА ҚҰҚЫЛЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин Наурыз мейрамында тағамнан уланудың алдын алу туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айуынша, былтыр еліміздегі қоғамдық орындарда тамақтан уланудың 15 жағдайы тіркелген. Үйде дайындалған тағамнан 6 адам уланған.

«Мереке күндері табыс табуды көздейтін «кездейсоқ» кәсіпкерлер болады. Еш құжатсыз, белгісіз жағдайда, белгісіз адамдар әзірлеген тағамдар өте қауіпті. Бұл туралы департаменттерге хабар беру қажет. Одан бөлек, кремді-кондитерлік өнімдердің жылы жерде сақталғанын көрсеңіз, сатып алмаңыз. Арзан бағада тамақ өнімдері сатылса да, өнімнің сақталу мерзімін мұқият зерделеңіз, себебі жарамдылық мерзімінің бітуіне 2-3 күн қалуы мүмкін», – деді Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кез келген тұтынушының сатушыдан тиісті құжаттарды талап етуге құқылы екенін еске салды. «Сатушының жеке медициналық кітапшасын, өнімнің құжаттарын сұратуға, өзіңізге қандай кәсіпорынның қызмет көрсететін нақтылауға толық құқылысыз. Егер наразылығыңыз болса, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне немесе ПД мамандарына жүгініңіз», – деп кеңес берді Жандарбек Бекшин.

www.inform.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
285 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»