8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2024 4471 0
Оқиға

Тұрғын үйдегі өрттің алдын алды

Шілденің 9-күні сағат таңғы 07:40 шамасында БҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері тұрғын үйлердің бірінің жанында орын алған өрттің алдын алды.


Олар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар орналасқан эвакуациялық пунктерді күзетуде. Бүгін кезекшілікті тапсыру кезінде ЖҚАЖ қызметкерлері үй жанында шыққан түтінді байқайды.

Өрт сөндірушілер келгенше, дереу іске кірісіп, қақпа ашылмаған соң, көршінің ауласынан кіріп, шелек, су құйғыш секілді қолға түскен құралдармен су шашып өрттің алдын алады. Артынша белгілі болғандай, үйде сол уақытта әйел мен екі қызы болған және олар өрттен мүлдем бейхабар.

Тексеру кезінде өрттің үй сыртындағы кондиционер сымының қысқа тұйықталу салдарынан орын алғаны белгілі болды.

Өрттен жапа шеккендер жоқ, өрт шығыны анықталуда. Тілсіз жаудың алдын алған полиция қызметкерлеріне үй иесі ризашылдығын білдіріп, алғыс айтты.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»