Сырым ауданында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр
Сырым ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ауданға жұмыс сапары барысында Құспанкөл ауылында салынып жатқан жаңа мектептің құрылысымен танысты.
Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты елді мекенде бой көтеріп жатқан 60 орындық шағын жинақты мектеп «КПО Б.В.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынуда. Жобаның жалпы құны – 1,4 млрд теңге.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 67 пайызы аяқталған. Ғимараттың қабырғасы қаланып, шатыры толық жабылды. Мердігер мекеме ішкі әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыруға кіріскен. Нысанда қажетті құрылыс материалдары мен жұмыс күші жеткілікті.
Аймақ басшысы жауапты сала өкілдеріне анықталған кемшіліктерді уақытылы жойып, құрылыс сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ жаңа оқу жылына дейін нысанды толық аяқтап, белгіленген мерзімде пайдалануға беруді міндеттеді.
Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектеп құрылысы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соңғы үш жылда 11 мыңнан астам оқушыға арналған 30 білім ошағы пайдалануға берілсе, бүгінде тағы 8 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімі атап өткендей, жаңа білім нысандарының сапалы салынуы, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – басты назардағы мәселе.
Әдемі Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
«AMANAT» бастамасы: С.Меңдешев ауылдық округінде заманауи мәдениет үйі бой көтерді
Х.Бөкеева театрының күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
«Қауіпсіз өңір»: БҚО-ның барлық ауылында криминогендік паспорт болады
Қазақстан ДЖДҰ-ның 93-ші Бас сессиясында аусылдан таза ел мәртебесін алды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Гонконгқа жұмыс сапарының қорытындылары туралы
Академиялық ұтқырлық – үлкен мүмкіндік: БҚАТУ студенті Польшада білім алды
БҚО-да нөмірін әдейі жасырған жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды
Бастапқы әскери дайындық пәні педагогтеріне арналған әдістемелік жиын ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
SK “ARLAN” спорт клубының мүшесі – батысқазақстандық полицей самбодан құрлықтық жарыста чемпион атанды

Кіру

