8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2026 305 0
Заң және тәртіп

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті – қоғам жауапкершілігінің көрінісі

Қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарынорнықтыру, азаматтардың құқықтық санасынарттыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келгенкөрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастырубүгінгікүннің маңызды міндеттерінің бірі. Себебісыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғаунемесе уәкілетті органдардың жұмысы ғана емес, бұлбүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойыншадепартаментімен жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстаржүргізілуде. Негізгі мақсатқоғамда сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымынкүшейту және парасаттылық құндылықтарындәріптеу.

Есептік кезеңде Департамент тарапынан жалпысаны 34 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасыұйымдастырылып, оған 2045 адам қамтылды. Өткізілген кездесулер мен пікірталас алаңдарыәртүрлі аудиторияны қамтып, мемлекеттікқызметшілер, жастар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, педагогтер, бизнес және азаматтыққоғам өкілдері арасында өткізілді.

Аталған іс-шаралардың ішінде ауқымдыформатта ұйымдастырылған бірқатар кездесулеререкше маңызға ие болды. Атап айтқанда, БатысҚазақстан облысының Төтенше жағдайлардепартаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдыналу» тақырыбында ведомствоаралық кеңесұйымдастырылып, алдын алу тетіктері мен құқықтық мәдениетті арттыру мәселелеріталқыланды.

Жастар арасында адалдық қағидаттарынқалыптастыру мақсатында «Адал азамат» қағидатыаясында студенттермен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар «Адал ұрпақадал студент» тақырыбында өткен кездесулер барысында жасбуынның бойына адалдық, жауапкершілік жәнезаңға құрмет құндылықтарын сіңіру мәселелерінеерекше назар аударылды.

Квазимемлекеттік сектордағы ашықтық пен басқару сапасын арттыру да маңызды бағыттардыңбірі ретінде айқындалды. Осы мақсаттакорпоративтік этика, адал басқару және сыбайласжемқорлыққа қарсы саясатты институционалдықдамыту мәселелеріне арналған арнайы семинар өткізілді. Шара барысында ұйымдарда тиімдібасқару тетіктерін енгізу және сыбайласжемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдарықарастырылды.

Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсысаясаттың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру: негізгі сын-қатерлер мен жүйелі шешімдер» тақырыбында мемлекеттік органдар, оғанбағынысты ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам және бизнес қауымдастықөкілдерінің қатысуымен кездесулер мен онлайн-кеңестер өткізілді. Іс-шаралар барысында жаңатәсілдер, өзекті мәселелер және олардың тиімдішешу жолдары талқыланды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастықалыптастыруға бағытталған ақпараттық құралдарда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, «Адалазаматәділетті қоғамның негізі», «Сыбайласжемқорлықтың бағасы бар. Және оны басқалартөлейді» тақырыптарында екі арнайы бейнероликдайындалып, тұрғындар назарына ұсынылды.

Сондай-ақ халық арасында парасаттылық пен адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатындажаңа ақпараттық баннерлердің эскиздері әзірленіп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Қазіргіуақытта облыстың 10 ауданында және 24 ауылдықокругінде аталған баннерлер халық көп жиналатынорындарға орналастырылуда. Бұл бағыттағыжұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастырубір күндік жұмыс емес. Олтұрақты түрде жүргізілетін жүйеліпрофилактикалық, тәрбиелік және ақпараттықжұмысты талап етеді. Қоғамда адалдық пен заңғақұрмет қағидаттары берік орныққанда ғана әділеттімемлекет құруға болады.

Әр азамат сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікқағидатын ұстанып, қоғам өміріне белсендіқатысқан жағдайда ғана адал әрі парасатты қоғамқалыптасады. Өйткені әділетті қоғамадалазаматтардан басталады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

 

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
274 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
109 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайын өрт шарпыды
27 Шілде 2026
128 0
Құрылтай-2026
Шетелде дауыс беру
27 Шілде 2026
134 0
Құрылтай-2026
«Совет да согласие – залог успеха»
26 Шілде 2026
174 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»