8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2024 3431 0
Қалалықтар қаперіне

Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді

Бүгін, сәуірдің 8-і күні Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының алдында Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұржан Төлеуіш баспасөз қызметкерлерімен өткен брифингте соңғы тәуліктегі су тасқынына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы айтты.


Нұржан Тілеуіштің айтуынша, су тасқынына орай жұмыстар
әлі де жалғасуда. Өткен тәулікте  Орал қаласындағы Шаған, Деркөл, Жайық өзенінің деңгейін бақылау нәтижесі бойынша Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілгені байқалды.

Бүгінде оның деңгейі 684 см болса, ең қауіпті деңгейі 850 см. Яғни, судың көтерілуі қауіпті деңгейге жетпеді. Шаған өзеніндегі су деңгейі 1294 см, ең қауіпті деңгейі 1300 см.

Сондай-ақ Жайық және Шаған өзендерінің жағасында орналасқан тұрғындарды құлақтандыру жұмысы жалғасуда. Уақытынан бұрын эвакуациялау жұмыстарына баса назар аударылуда.

Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласындағы Жайық өзені мен оның жағалауындағы дамбаларды нығайту, қапшықтарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 7048 адам эвакуацияланып,  оның 161-і  бүгінде эвапунктте тұрып жатыр.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»