8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2024 3348 0
Қалалықтар қаперіне

су тасқынының алдын алу жұмысына 1 577 техника жұмылдырылды

Бүгінде су тасқынына тап болған Батыс Қазақстан облысына қажетті көмек еліміздің әр аймағынан келіп жатыр. Қазіргі таңда гуманитарлық көмектен бөлек, арнайы техника да әкелінуде.


Кеше Орал шаһарына Түркістан және Ақтөбе облысынан жалпы саны 112 арнайы техника келді.

Қызылорда облысы да шет қалмады. Сыр бойындағы ағайын Жайық жағасын жайлаған елді топан судан аман алып қалу үшін 122 техника жеткізді.

Одан бөлек, Алматы қаласынан келген 37, Ақтөбе облысынан 47 техника қауіпті аймақтардағы жұмысын бастап кетті.

Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстары мен Шымкенттен келген техникалар мен арнайы мамандар да тасқынға тосқын болуда.

Қазіргі таңда су басу қаупі бар аймақтарда 1577 техника жұмыс жасауда.

Оның 790-ы — эксковатор, тиегіш, ауыр жүк көліктері, тракторлар, бульдозерлер, тралдар мен манипуляторар мен крандар болса, 787-сі — жеңіл көліктер, автобустар, ассенизаторлар мен жүзу құралдары.

Сондай-ақ үш тікұшақ та қолданыста.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»