СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ
2 маусым күні Оралдағы үш ауданда спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары пайдалануға берілді.
Шаһарда көпқабатты үйлердің аулаларын жаңарту, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ойыны мен жаттығулар жүргізуіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның бір дәлелі – балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Абай даңғылы 119, Құрылысшы шағынауданы 27/1 және Әбілқайыр хан даңғылы, 153, 155/1 мекенжайлары бойынша берілген заманауи үлгідегі ойын алаңдары. Бұлар биылғы жылы пайдалануға берілуі көзделген алаңдардың алғашқылары ғана.
Құрылысшы шағынауданындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы алаңның ашылуына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардың кішкентай тұрғындарын мерекемен құттықтап, алдағы уақытта қаламызда жалпы 20 алаңның құрылысы жоспарланғанын мәлім етті. Нысанды ашу лентасы қиылысымен алаңға енген балғындар баскетболдан өзара жолдастық кездесу ұйымдастырды. Ең бастысы балалардың қуаныштарында шек жоқ.
– Бұл жерде құрылыс жұмыстары басталған кезде, шағын ғана қоршалған алаң болатын шығар деп ойладым. Мұндай үлкен болады деп күтпедім. Өзімнің көзіммен көрген нысанға енді сене бастағандаймын. Енді достарыммен келіп, осы жерде доп қуатын болдық. Алаң маған ұнады, – дейді Құрылысшы шағынауданының тұрғыны Витя Артенев есімді балғын.
Тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдарда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Құрылыс жұмыстарын «ЖайықСити» ЖШС жүргізген.
– 20 алаңның жобалық құны 500 млн. теңге. 10 нысанның құрылысын жүргізіп, үшеуін тапсырып отырмыз. Қалғандарының құрылыс жұмыстары жақын уақытта аяқталады. Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы – отандық өнім. Тек темір қоршау мен желімді ғана өзге мемлекеттен алдырдық, – дейді мердігер компания басшысы Мереке Молдағалиев.
Мердігер жабдықтардың сапалылығына сендірді. Пайда болған ақаулықтарды өздері қалпына келтіретін болады. Бұл үшін екі жылға кепілдік мерзімі белгіленген. Десе де, тұрғындар жаңаны бағалай біліп бүлінуіне жол бермей, күтіп-ұстаса деген тілек бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру


Пікір үстеу