8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2018 4697 0
Жалын

“SMART STUDENTS” ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Халықаралық студенттер күніне орай 10 қараша күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ақжайық КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен “STUDUNION” БҚО студенттік өзін – өзі басқару ұйымдары кеңесінің мүшелері арасында “Smart Students” зияткерлік байқауы өтті.

«Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп дана xалқымыз айтып кеткендей болашақ тек қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастарда екені даусыз. Бұл байқаудың мақсаты – білімді, зияткер студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру, топпен бірлесе ізденуге, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері арасында тәжірибе алмасу, зеректілік қабілеттерін дамытып, ой-өрісінтерін кеңейтіп, студенттердің бәсекелестіктерін, құзіреттіліктерін, қызығушылықтарын арттырып, ұқыптылық, ұжымдыққа тәрбиелеу. Сайыс «Брейн-ринг», «Сіз білесіз бе?», «Бір қадам» тақырыптары бойынша үш кезеңде өтті.

Қорытындысы бойынша үш кезеңнен сүрінбей өтіп жоғарғы ұпай жинаған М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттік өзін-өзі басқару ұйымы – жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Ж.Досмұxамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы – екінші, Жәңгір xан атындағы БҚАТУ студенттік өзін-өзі басқару ұйымы – үшінші орынды иемденді. Барлық командалар алғыс xатпен марапатталды.

                          Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»