8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2021 1743 0
Қалалықтар қаперіне

ҮШІНШІ ТҰЛҒАҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОЛТАҢБАНЫ БЕРУ ҚАУІПТІ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Соңғы кезде азаматтардың электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін заңсыз түрде жеке қызмет көрсетіп, өз көмегін ұсынушыларға жүгінуі белең ала бастады. Бұл турасында ХҚО қызметкері саналмайтын, бөгде біреулерге электрондық-цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) бермеу қажеттігін ескертеміз.


Егер ЭЦҚ-ңыз құпиясөзімен бірге басқа біреудің қолына түссе, Egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріп, сіз үшін келеңсіздіктер тудыруы мүмкін. Мысалы, сіздің атыңыздан әр түрлі шарттар жасасып, үй-жайыңызға өзге біреуді тіркеуге отырғызуы және тағы сол сияқты әрекеттер жасауы ықтимал.

Ал егер ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайты арқылы сол электронды кілттен бас тартып, жаңасын рәсімдеп алыңыз.

Сондай-ақ Орал қаласы және барлық аудандардағы халыққа қазмет көрсету бөлімдерінде электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді тегін алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Оған қоса жақын арада қаламыздың әр түкпірінен бірнеше өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
305 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
325 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
304 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»