8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2019 3192 0
Спорт

ШАЙХИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІНЕ 150 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

12-15 тамыз күндері Орал қаласында Әлем чемпионы, Әлем Кубогінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған самбо күресінен және әскери самбодан ерлер арасында Халықаралық турнир өтеді.

Оған Қазақстан Республикасынан облыс құрама командалары және Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Грузия елдерінен 150-ге жуық спортшы қатыспақ.

Асқар Тастайұлы Шайхиев — 1963 жылы қазіргі Сырым ауданына қарасты Қызылтаң ауылында өмірге келген. Самбомен 1976 жылдан бастап айналысқан. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1989 жылы КСРО чемпионы және 1987 және 1988 жылдары күміс жүлдегер болды.  1988 жылы Жапонияда әлем кубогының иегері,  ал 1989 жылы  АҚШ-та өткен дүниежүзілік  додада әлем чемпионы атанды.

Палуанды еске алуға арналған самбо турнирі 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
278 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
254 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
292 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»