8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2021 2708 0
Өзек

ҮШ ЖАСАР БАЛА 4-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП КЕТТІ

Оқиға 28  мамыр күні 16.30  шамасында болған.

Бала Орал қаласы Зачаганск шағын ауданы Қамбар батыр көшесіндегі  5 қабатты үйдің 4-қабатынан құлаған.  2018 жылғы сәби дереу ауруханаға жеткізілді. Жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған.  Жағдайы орташа.

БҚО ТЖД балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасы қауіпсіздік қағидаларын сақтауы керектігін ескертеді. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет. Атап айтқанда, үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаған жөн. Себебі бірнеше секундқа назарсыз қалған бала үшін бұл өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.

Екіншіден, терезеге тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбаған дұрыс. Москит торының өзін  балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.

Үшіншіден, баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатпаған абзал.

Төртіншіден, баланың терезе алдына шықпауы және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймау қажет.

Сондай-ақ балаларға қауіпсіздік сабақтарын үнемі еске салып отыру қажет. Ересек балаларды кішілерге қарауға үйрету де маңызды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
339 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
359 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
338 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»