8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2021 2428 0
Қалалықтар қаперіне

САЛЫНҒАНЫНА 60 ЖЫЛДАН АСҚАН КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕР БАҒДАРЛАМАҒА ЕНГІЗІЛІП, ЖАҢҒЫРТУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Орал қаласында «Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған «Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын» іске асыру бойынша бірқатар шаралар жүзеге асыруда. Қазіргі таңда қаланың ескі тұрғын үй қорын жүйелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орал қаласы әкімдігінің мәлім еткеніндей, бұл жұмыстармен ағымдағы жылдың қазан айында Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанынан арнайы құрылған “реновация” бөлімшесі айналысады.

—Бүгінгі таңда Орал қаласы бойынша ескі тұрғын үй қоры 30 пайызды құрайды. Оның ішінде 52 үй ресми түрде апатты деп танылып, аталмыш бағдарламаға енгізілді. Бөлімше мамандары қала тұрғындарына бағдарламаға қатысуға, құжаттарды дайындауға көмектеседі. Қазіргі күні қала әкімдігі тұрғын үй құрылысына қатысты инвесторлармен 17 меморандумға қол қойды. Ал ескі тұрғын үйлерді реновация бағдарламасы арқылы жаңғырту бойынша 6 нысанда құрылыс жұмыстары басталып кетті, – дейді реновация бөлімшесінің маманы Шынар Даубатырова.

Ескі үйлердің тозу дәрежесін анықтау бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты  салынғанына 60 жылдан асқан қаланың көппәтерлі үйлерді реновация бағдарламасына енгізу мақсатында тұрғындар тарапынан өтініштер қабылданады.

Реновация бөлімшесі сәулет және қала құрылысы бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл жасалып жатқан жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жаңарту мақсатында Үкімет тарапынан орындалып отырған игі шара.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
27 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»