САЯБАҚТЫҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Орал қаласы мәдениет және демалыс саябағының жазғы демалыс маусымы ашылды. Саябаққа жиналғандар мерекеге орай ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Демалыс орнының ашылуымен саябақ төріндегі 6 метрлік су бұрқағы іске қосылып, ата-аналар мен балалар «музыка ырғағымен билейтін» су бұрқағын қызықтады. «Жастар» Мәдениет үйі өнерпаздары мен мәдени-ағарту бірлестігі аула клубтарының тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұсынды. Сондай-ақ балалар асфальтқа бейбітшілік тақырыбында сурет салып, спорттық ойындарға қатысты.

– Саябақты жарықтандыру, жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шолу дөңгелегін (Колесо обозрения) ауыстыру жоспарда бар. Келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында жандандыруды жалғастыратын боламыз. Мәдениет және демалыс саябағы шаһар тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Сондықтан жаз маусымында келушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілетін болады, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев.
Нұрлан ЕДІГЕНОВ



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу