Сақтандыру жүйесі қосылған уақытта қант диабеті мен гепатитке медициналық көмек шектелмейді
Уақыт өте келе саумын деп санайтын адамның өзі медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан мемлекет кезең-кезеңмен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде. Біздің елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ынтымақтастық принциптері негізінде жасақталуда. Әрбір азаматтың денсаулығы енді адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі. Жарнадан түскен қаражат бәріне ортақ жауапкершілік негізінде бөлінетін болады. Медициналық көмек көлемі қорға аударылатын жарна сомасына тәуелді болмайды. Тек бұл аударымның тұрақты жүргізіліп тұрғаны маңызды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы еңгізіледі деп күтілуде.

«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында берілетін көмек түрлері және сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде ұсынылатын қызметтер туралы айтатын болсақ, 2020 жылдан медициналық қызметтердің екі түрлі пакеті ұсынылатын болады. Бірінші пакет – бұл тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында берілетін көмек түрлері, ол ҚР барлық тұрғындарына және республика аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға ұсынылады, екіншісі – сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қызметтер тізімі ұсынылатын болады», – дейді «Медициналық-әлеуметтік сақтандыру қоры» БҚО филиалының директоры Нұржамал Шамғонова.
Жақын арада, атап айтсақ, 2018 жылдың қазан айында ҚР Парламентінде Үкімет ұсынған түрлі заңнамаларға түзетулер енгізілгенің айтқым келеді, соның ішінде медициналық сақтандыру жүйесіне қажет, көптен күткен жаңартылған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудын пакеттеріде мақұлданды.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қажетті медициналық көмек ҚР-да тұратын барлық азаматтарға, оралмандарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін болады. Оған жедел жәрдем және санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл стационарды алмастыратын және стационарлық, паллиативтік көмек түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, онкология, СПИД, психикалық аурулар) кезіндегі медициналық қызметтерді қамтитын болады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек түрлері, олар: консультациялық-диагностикалық, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, жоспарлы стационарлық көмек, медициналық оңалту және тағы басқалары.
Осы түзетулердің қабылдануына байланысты мынадай нәтижелер күтіледі: алғашқы медициналық және шұғыл медициналық қызметтеріне жүктемені төмендету, медициналық көмектің қолжетімділігін нығайту, ал медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер нарығының ашықтығын арттыру.
«Ал қант диабеті, вирустық гепатит сияқты аурулар динамикалық бақылауға алынып, дәрігердің қадағалуымен науқас өзін өзі тексерістен қалмай, дәрілерін уақтылы ішіп, медициналық талдаулардан өтіп алғашқы медициналық – санитарлық көмек беретін емханада есепте болатын болады», – деді Нұржамал Шамғонқызы.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу