8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Тамыз 2024 4912 0
Оқиға

«Ризық» кафесін жалға алушы бес жылға сотталды

Орал қаласындағы «Ризық» дәмханасында болған алапат жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Жауап беруші ретінде осы ғимаратты жалға алған 34 жастағы Меңдібек Уәлиев айыпты деп танылды.


Оған өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін «Екі және одан да көп адамның өліміне себепкер болды» деген баппен айып тағылып отыр. Күдікті қаңтар айынан бері уақытша қамау абақтысында. Қаңтардың 4-і күні түнде екі қабатты дәмханада қатты жарылыс болған. Ғимараттың күл-талқаны шықты.

Құтқарушыларға үйіндіні қопарып шығуға 16 сағат уақыт кетті. Үш адам мерт болып, төрт адамның денесі күйіп, түрлі жарақат алды. Сот үкімі жеті айдан соң оқылды. Меңдібек Уәлиев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Меңдібек Уәлиев 34 жаста. Ол ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды. Ол ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, үш жыл мерзімге кәсіпорындарда әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен байланысты басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар, кінәлі үш жәбірленушіге жалпы сомасы 20 миллион теңгеге жуық материалдық және моральдық залал төлеуі тиіс,- деді
қалалық сот судьясы Варвара Дмитриенко. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»