8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2025 1314 0
Бәрекелді!

Республика күні аталып өтті

Бүгін Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ел дамуы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар табыс етті.

Сондай-ақ «Атамекен» өнер ордасында Республика күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңір жұртшылығын мерекемен құттықтады.

Өз сөзінде аймақ басшысы елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен облыстың даму қарқынына тоқталды. – Егемен еліміздің еңсесі биіктеп, мерейі артып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемге танылған, болашағы айқын мемлекетке айналды. Бұл ілгерілеуде Ақжайық өңірінің де өзіндік үлесі бар. Халықтың әл-ауқаты артып, өмір сапасы жыл сайын жақсарып келеді, – деді Нариман Төреғалиев.

Концертте өңір жұлдыздары өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»