ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ ЕСЕП БЕРДІ
Бүгін «Қазмедиа орталығында» ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өңірлермен бейнеконференциялық байланыс арқылы халық алдында есеп берді. Облыс әкімдігі ғимаратының «Ақжайық» залында аталмыш министрлікке қарасты құзырлы мекеме өкілдері әділет органдарының өткен жылы атқарған жұмыстарын тікелей байланыс арқылы тыңдап, жаңашылдықтары мен жоспарларын саралады.

М.Бекетаевтың сөзінше, қазіргі уақытта Министрлік үш заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыруда. Олармен көзделген өзгерістер: әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін санкцияларды жеңілдетуге, соттар мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді бөлуге, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізулерді электронды форматқа ауыстыруға, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша сот төрелігін жөнелтуді жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, Министрлік нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді толығымен электронды форматқа ауыстырды. Оны тіркеу мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 күнге қысқартылды. Аталған өзгерістер әлеуметтік мәселелерді жедел реттеуде аса маңызды. Өткен жылы Министрлік заң қызметі саласында реформа жүргізді. Аталған реформа аясында қабылданған шаралар заң қауымдастығында бәсекелес ортаны құруға және адвокаттар санын көбейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Pro bonо жүйесі арқасында әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтар тегін заң көмегін алуда. «Нотариат туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді. Берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар нотариустарға берілді. Сонымен қатар Министрлік сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқару іс-әрекеттері туралы СМС арқылы хабарланатын болады. Осы жылы Ақмола облысында пилоттық режимде жеке сот орындаушыларының рейтингі енгізілді. Енді өндіріп алушылар рейтингпен танысып, сот орындаушыларды таңдай алады. Сот сараптама қызметін жақсарту мақсатында, материалдық-техникалық базаны нығайтуға бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Ал кәсіби деңгейді жоғарылату мақсатында 232 қызметкер біліктілікті арттыру курстарын өтті және 25 қызметкер резидентурада оқуда. 28 сот сарапшысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілген. Сот сараптама қызметін автоматтандыру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны «Төрелік» және «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйелерімен біріктіру мәселелері пысықталуда. Министр баяндамасын қорытындылай келе, 2003-2018 жылдар аралығында 18 млрд АҚШ доллары сомасына мемлекет мүддесі қорғалғанын, сонымен қатар Bank of New York Mellon банкіндегі Ұлттық Банк шотына 21,5 млрд. АҚШ доллары сомасына салынған заңсыз тыйым алынғанын айтып өтті. Келтірілген залалды өтеу жұмыстары жүргізілуде. Жиын соңында Марат Бекетаев залда отырған азаматтардан, ведомствоның поштасына өңірлердегі тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу