8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 1655 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Бүгін БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмысына оң бағасын берді.

Облысқа сапары кезінде министр Орал қаласы мамандандырылған қызмет көрсету бөлімі мен №2 халыққа қызмет көрсету бөлімінде болды. Жұмыстың жай-күйімен танысып, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты брондаудан бастап дайын құжаттарды алуға дейінгі процесті бағамдады және өз қолымен қызмет алушы М.Давлетоваға дайын жеке куәлігін табыстады.

Филиалға жасалған іс сапар нәтижесінде министр Б.Мусин азаматтардың автомектептерде оқығандығы туралы мәліметтерін бір дерекқорға ықпалдастыру қажеттілігі туралы айтты.

«Сонда Мамандандырылған ХҚО қызметкерлері құжаттарды сканерлеп уақыт жоғалтпайтын болады. Бұл қызмет алушының уақытын үнемдейді және мамандардың да жұмысын жеңілдететін болады»,- деді.

Сондай-ақ, брондау бойынша қызмет көрсету уақытын азайту жолдарын қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар қала бойынша сауда орталықтарында, оқу орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысын ұйымдастыруды, Egov mobile қосымшасын пайдалануды насихаттау жұмысын жанжандыруды, QR-код арқылы төлем қабылдау және Kaspi арқылы көлік құралдарын ресімдеу санын ұлғайтуды тапсырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
302 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
322 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
301 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»