ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА 180 БАЛА ҚАТЫСТЫ
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың атынан ұйымдастырылған шыршаға 180 бала қатысты. Олар – 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар мен оқу озаттары мен дарынды балалар.

«Жарқыра, Қазақстан» атты мерекелік думан Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті. Балаларға жақсы таныс ертегі және мультфильм кейіпкерлері жасанған жасыл шырша жанында балақайларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Алтын ханшайым, Ер, Төс, Би, Эльза мен Анна және Аққала, Пеппа мен Фредди, Барбоскиндар жанұясынан Дружок пен Лиза да мерекеден табылып, театрландырылған қойылым арқылы балаларды жақсылық жасауға үндеді. Әдеттегідей, Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата, Ақшақар, Ескі жыл – Ит пен Жаңа жыл – Доңыз ортаға шығып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Еліміздің бас шыршасына арнайы шақыртумен келген өрендер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын бейнеүндеу арқылы тыңдады. Шырша мерекесіне облыс әкімі Алтай Көлгінов те қатысып, балалармен бірге шыршаны айналып, мерекелеріне ортақтасты.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға әрдайым қамқорлық көрсетілетінін, білімге құштар балғындарға қолдау жасалатынын айтты. Спортпен, шығармашылықпен айналысып, тілдік дағдыларыңызды жетілдірулеріңіз үшін мүмкіндік жасалуда. Алдағы уақытта сіздерді көп жетістіктер күтіп тұр. Сабақты жақсы оқып, білімдеріңізді жетілдіре түссеңіздер, болашақта туған-туыстарыңызға, мемлекетімізге пайдалы іс атқаратындарыңа сенемін. Осы мерекеде сіздерге армандарыңыздың орындалуын тілейімін. Ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың үмітін ақтайтын, биік шыңдарды бағындыратын азамат болуларыңызды тілеймін, – деді Алтай Сейдірұлы.

Жаңажылдық шыршаға қатысқан әр балаға Елбасының атынан сыйлықтар мен қысқы жылы киімдер, сөмке және Н.Зеньковичтің «Назарбаевтай болғым келеді» кітабы берілді.

Сондай-ақ балғындар «Body-Art» «Barber-shop» шебер-сыныптарына қатысып, «Magic land», «Funky Town» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Мерекелік дастарханнан соң «Musical fireworks» караоке-сазды кешіне қатысып, күнді қызықты өткізді. Мемлекет басшысының қолдауымен ұйымдастырылған жаңажылдық мереке әр баланың жадында ұзақ уақыт сақталып қалары анық.
.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ғабдушевтің айтуынша, мерекені ұйымдастыруға жалпы 16,6 млн. теңге бөлінген. Әр балаға 85 мың 300 теңгеге сыйлық алынған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу