8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2023 2694 0
Бәрекелді!

Ортақ еңбек берекелі болғай


Бүгін, қарашаның 16-сы күні «Атамекен» өнер ордасында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні болды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев: – Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Қадірменді сала ардагерлері! Сіздердің тынымсыз әрі қажырлы еңбектеріңізбен аялап өсірген, шығарылған әрбір өнімдеріңіз үшін алғым айтамын. Ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы өте жоғары. Мемлекет тарапынан өңірлерде ауыл шаруашылығын дамыту жүйелі түрде іске асырылып келеді,-деді.

Бұдан кейін ауыл шаруашылығына қосқан ерен еңбектері үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Еңбек ардагері» медалімен ардагерлер Николай Зинченко, Есім Мамбетовті марапаттады. Сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісін Темірболат Қаржауов, Марал Әбіловке табыстады.

Сонымен қатар, Құрмет грамотасымен, облыс әкінің Алғыс хатымен марапаттап, үздік сала мамандарына номинациялар тарту етті. Шара соңы көркемөнерпаздардың концертіне ұласты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Осы мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің келесі номерінен оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»