ОРМАН АЛҚАБЫ ӨРТЕНІП ЖАТЫР
Оқиғаға байланысты БҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды.
БҚО Төтенше жағдайлар департментінің хабарлауынша, бүгін, 16 тамыз күні сағат 14.55-те Бәйтерек ауданы, Трекино ауылдық округі Трекино ауылы және Володарка ауылы аралығында «Орман және жануарлар әлемін қорғау Январцев коммуналдық мемлекеттік мекемесі» аумағында шамамен 8 гектар алаңда құрғақ шөп және шамамен 5 гектар алаңда орманда үйеңкі мен теректер жанған.
Сағат 17.20-да өрт Жайық өзені арқылы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық оуругі аумағына ауысты. «Орман және жануарлар әлемін қорғау Орал коммуналдық мемлекеттік мекемесі» аумағындағы шамамен 5 гектар аумақта құрғақ шөп пен 3 гектар аумақтағы үйеңкі мен теректер өртенген.
Оқиға орнынан ТЖД күшімен Жайық өзенінде байдаркада жүзіп, жаттығып жүрген спорт клубының 10 адамы құтқарылды, оның тоғызы бала.
Көмекке БҚО ТЖД 31 қызметкерімен Кунг шықты. Жалпы оқиға орнында ТЖД 68 қызметкері және 10 бірлік техника, орман шаруашылығынан 10 қызметкер мен 2 бірлік техника және еріктілерден 5 қызметкер және 1 бірлік техника жұмыс атқаруда.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді

Кіру
Пікір үстеу