8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Мамыр 2021 2009 0
Жалын

ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» аттестатына үміткер Мерей Қонақбаева Назарбаев Унверситетінің грантын ұтып алды.

Мерей Қонақбаеваның айтуынша, 11 сыныпқа аяқ басқаннан Назарбаев университетіне  түсу мақсатын қойып, жан-жақты ақпараттарды іздестіріп, емтихандарына дайындықты  жүргізген.

– Назарбаев университетіне оқуға түсу үшін екі емтиханнан өту керек, біріншісі ағылшыннан біліміңді тексеру мақсатында IЕLTS немесе Duolingo English Test тапсыру қажет. Мен Duolingo English Test сынағын өткен жылдың желтоқсан айында тапсырып, жоғары балл жинап, екінші тур NUFYPET-ке өттім. NUFYPET – бұл маңызды, шешуші емтихан, мұнда математика және сыни тұрғыдан тест тапсыру қажет. Бұл тестке екі ай шамасында дайындалып, қалаған деңгейдегі балл жинадым. Аталған тест ҰБТ-ден өзгеше болғанымен, оған дайындалу өзім үшін қызықты болды. Ең бастысы алдыңа қойған мақсат болу керек деп ойлаймын, әрі қарай барлығы оңай көрінеді,  – дейді  талапты жас.

Осылайша Мерей алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын асу болмайтынын дәлелдеді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»