8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2018 2149 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖАТАҚХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ

 Орал қаласы, Х. Чурин көшесі 119, № 89 А пәтерінің жануы туралы хабарлама  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қызметтің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының Өрт байланысы орталық пунктіне  20 қараша күні сағат 19.40 минутта  түскен.

     

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Арайлым Ғанидің мәліметінше, оқиға орнына дереу құрамында 5 бірлік техника және жеке құрамның 12 адамы бар №2 өрт сөндіру бөлімі жіберілген. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 1 адамды құтқарып, 95 адамды қауіпсіз аймаққа көшірген. оның 25 кішкентай балалар.

Анықталғандай, өрт 5 қабатты жатақхананың жоғарғы қабатындағы 0,5 шаршы метрлік  пәтерде орын алған.  Өрттің шығуына теледидардың істен шығып, жануы себеп болған. Өрт сөндірушілердің жедел  іс-қимылы арқасында өрт қысқа мерзімде шағын шығынмен сөндіріліп, көрші үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді.

«Жайық үні»

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»