ОРАЛДАҒЫ ЖЕТІ МЕЙРАМХАНА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН БҰЗДЫ
Өткен демалыс күндері рейд жүргізген мониторингтік топ өкілдері жеті мейрамхананың карантиндік шектеу шараларын бұзып, саланатты іс-шара өткізгенін анықтады.
Орал қаласы бойынша мониторингтік топ мүшелері кафе-мейрамханаларға тұтынушыларды «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізу, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты талаптардың орындалуын қарап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Өткен демалыс күндері жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 7 дерегі анықталды. «Амина»(жалға алушы Жасталап Салықов, той иесі Мұрат Әлиев), «Ата-Ана» (тойхана иесі Асылхан Купешов, той иесі Мереке Бекесов), «Қоржын» (мейрамхана иесі Шолпан Досқалиева), «Гранд Зодиак»(“Кенжеалиева” ЖК), «Арбат»(“Назгүл”ЖК, той иесі Алия Азаматова) және “Самал”(жалға алушы Темірханова А.Т, той иесі Самал Серікқалиева) мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Анықталған бұзушылықтарға байланысты жеке кәсіпкерлік пен той иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
Бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді

Кіру


Пікір үстеу