ОРАЛДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау мақсатында, қолдау көрсетуде жұмыстанатын болады. Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деген болатын. Бүгінде Орал қаласында 9 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүруде. Орталық осы азаматтарға «Бір терезе» қағидасымен төрт бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Оның ішінде әлеуметтік, психологиялық құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер-ұсыныстар беріледі. Әрине, қызмет түрлері мұнымен шектеліп қалмайды. Қала басшысы Абат Шыныбеков атап өткендей, ұсыныстар болса, қызмет аясын кеңейту мүмкіндіктері қаралмақ.
– Тез дамып келе жатқан қоғамда барлық азаматтарға қолайлы жағдай, жайлы орта құру немесе өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамның қолдауын көрсететін қадамдар жасалуы қажет. Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін нақты істер атқарылуда. Соның бір айғағы – бүгінгі «Тең қоғам» арнаулы орталығының ашылуы. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттің, қоғамның әр саласының тарапынан көрсетілетін қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндік береді. Болашақта орталықтың мазмұнын ашу, мүмкіндігін кеңейту үшін ұсыныстар керек. Осы орайда мүмкіндікке қарай немесе қоғамның жанашыр азаматтарының қолдауымен орталықтың жұмысын жандандыруға атсалысатын боламыз, – деді Абат Абайұлы.
«Тең қоғам» қаланың орталығынан – М.Ықсанов көшесі, 46/1 мекенжайынан ашылып отыр. Бұл байырғы мейрамхананың ғимараты. Пандемияға байланысты шектеу шаралары кезінде кәсібі тұралап қалған мейрамхана иесі мемлекеттің ұсынысына сай қызмет бағытын өзгертуге шешім қабылдап, ғимаратты әлеуметтік нысан ретінде жаңғыртқан. Осылайша нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдайға бейімделді. Ғимараттың жалпы алаңы – 323,03 шаршы метр. Жарық, кең. Кеңес беру орындары ұйымдастырылып, көмекші құралдарды алатын жандар үшін әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы тапсырыс беру бұрышы жасақталған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда шахмат, дойбы, теннис ойнап, шығармашылықпен де айналыса алады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру

Пікір үстеу