8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2018 2233 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда скейтпарк салынуда

Орал қаласында көпфункционалды алаң салынуда. 14 тамыз күні облыс әкімі  Алтай Көлгінов құрылыс алаңында болып, алаңдар салу, аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қонаев көшесі бойындағы №49, 50, 51, 52, 53 үйлер аралығына көпфункционалды алаң салынуда. Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылуда. Құны – 47 млн. теңге. Жалпы аумағы – 2 800 шаршы метр. Алаң street workout, футбол, екі балалар ойын алаңы және скейтпарк кешенін құрайды. Бұл қаламыздағы алғашқы скейтпарк болмақ.

Көпфункционалды алаңды «Марасант» ЖШС салуда. 1 шілдеден басталған құрылыс жұмыстары қыркүйекте аяқталуы керек.

– Скейтпарк толық бетоннан құйылуда. Аумағы ­– 600 шаршы метр болады. Футбол алаңы – 500 шаршы метрге есептелуде. Жұмыстарды аяқтауымыз жақын. Енді қоршауларды қойып, футбол және жаттығу алаңдарына резеңкелі қоқым төсеуіміз керек. Жаттығу құрылғылары қойылды, – деді «Марасант» ЖШС өкілі Рустам Дошимов.

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мұлқайдың айтуынша, өткен жылдан бері қалада 24 спорттық және ойын алаңдарының құрылысы жүргізіліп, алды тапсырылды. Қыркүйекке дейін тағы үшеуі пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар 22 алаңның ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткен. Қаржылық мәселе оң шешілсе, 10 алаңның құрылысы басталады.

Қалада 386 аула аумағы бар. 2007 жылы аулаларды абаттандыру бағдарламасы қолға алынысымен 298-і абаттандырылған. Бүгінгі күнге 89-ы қалып отыр. Биыл 29 аула жаңартылуда. Сондай-ақ 23 аула үшін ЖСҚ дайындалуда. Облыс басшысы аулаларды абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу қажеттігін айтып, жыл сайын кемінде 30 ауланы жаңартуды тапсырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
123 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
192 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
232 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»