8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2026 396 0
Өңір жаңалықтары

Оралда қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Орал қаласында жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы орайда қаладағы қоғамдық көлік паркі метанмен жүретін жаңа автобустармен толықты.


Бүгін шаһарда қала әкімі Мұрат Байменовтің қатысуымен жаңа автобустардың кілтін табыстау рәсімі өтті.

Жолаушыларға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында «Оралавтотранс» ЖШС «Yutong» маркалы 10 жаңа автобусты қалаішілік бағыттарға шығармақ. Бұл жаңа көліктер экологиялық талаптарға сай жасалған. Сонымен қатар автобустардың іші кең әрі ыңғайлы, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған және мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына бейімделген. Алдағы уақытта бұл автобустар №9 маршрут бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Салтанатты рәсімде қала әкімі Мұрат Байменов қоғамдық көлік жүйесін жаңарту тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық көліктің қолжетімді, қауіпсіз әрі жайлы болуы – қала инфрақұрылымын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.

Қазіргі таңда Орал қаласында 27 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы бағыт бойынша автобустар қатынайды. Күн сайын 300-ден астам қоғамдық көлік желіге шығып, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

Соңғы жылдары қалада қоғамдық көлік паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар жолаушылар тасымалының сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа автобустардың іске қосылуы Орал қаласындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына жағдай жасайды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
274 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
251 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»