8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2021 3769 0
Өзек

ОРАЛДА «ЕСКЕ АЛУ ШАМЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Осыдан тура 80 жыл бұрын, яғни 1941 жылдың 22 маусымы күні, шамаментаңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы – Ұлы Отан соғысы басталды. Қасіретке толы 4  жылға созылған майданда мыңдаған жерлесіміз Жеңіс жолында опат болды. Осыған орай, халықаралық «Еске алу шамы» акциясы жергілікті «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің бастамасы, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының қолдауымен қаламызда ұйымдастырылды.

 

Арбат бойына қала тұрғындары ертемен жиналды. Оның ішінде жастардың қатары көп. Шара өтетін алаңға май шам жағылып, жиналғандар 1 минуттық үнсіздікпен майдан даласында  көз жұмған жауынгерлерді еске алды. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев  Ұлы Отан соғысында Жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесін, 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол станциялар мен елді мекендер кеңінен тартылғанын атап өтті.

– Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Біздің өңіріміз бойынша 60 мыңнан астам сарбаз оралмады. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Бұл акция арқылы біз жастар мен жас ұрпақты еске алу іс-шараларына тартудың жаңа форматын қолданып, тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отанымыздың тарихына деген патриоттық сезімдерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын толығымен зерттеп, құрметтеуге шақырамыз – деді Мұрат Рахметұлы.

«Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Есқалиева, М.Мәметова атындағы мемориалдық музей меңгерушісі Ахмедияр Батырханов шараның маңыздылығына тоқталды.

Акцияға жиналған жастар өз өлеңдерін және қаламгерлердің соғыс тақырыбындағы жырларын оқыды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
309 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
329 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
308 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
350 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»