ОРАЛДА БІР УАҚЫТТА 30 АЛАҢДА ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Қазақстан футболы күніне» орай 25 сәуір күні Орал қаласында футбол ойындары өтеді. Шараға жасөспірімдер, жастар және ардагерлер қатысады.

Атаулы даталарға орайластырылған футбол ойындарын Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен БҚО футзал ассоциациясы ұйымдастыруда.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Шерғалиевтің мәліметінше, 30 алаңда өтетін футбол матчтарына жалпы 1500 ойыншы қатысады деп күтілуде. Ойындар сағат 10.00-де Шаған өзенінің оң жағалауы (қалалық мәдениет және демалыс саябағы), Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Деркөл, Даль көш.7/4), №21 ЖОББМ футбол алаңдарында және қаланың әр ауданда орналасқан 27 спорт алаңында бастау алады.
Сондай-ақ ертең, әуесқой командалар арасында өткен футзал лигасының 2020-2021 жылғы маусымының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталады. Бұл шара «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өтпек.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, футбол лигасына 32 команда қатысқан. Салтанатты шарада үздік болып алға шыққан 8 команда, және әр түрлі аталымдар бойынша үздік ойыншылар марапатталады. Сондай-ақ Орал қаласында спортты, футболды дамыту жолында еңбек етіп жүрген спорт жанашырлары марапатталады деп күтілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу