8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2026 45 0
Жол / Құрылыс

Зачаган кентінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Зачаган кентінде жолдарды торташа жөндеу жұмыстары 2026 жылдан 2027 жылға дейінгі өтпелі кезеңмен жоспарланған. Ағымдағы жылы аталған көше 4 учаскеге бөлініп, қазіргі уақытта бірінші учаскедегі жұмыстар аяқталды. Қалған үш учаскеде жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Жәңгір хан көшесінің 1 учаскесі Айтқұлов көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралығында ұзындығы 650 метр, ені 14 метр болатын төменгі қабаты ірі түйіршікті асфальт жабындысы толықтай төселіп қолданысқа берілді.

Жоспарға сәйкес Айтқұлов көшесінен Орал-Саратов тас жолы аралығындағы асфальт жабындысы екі жабындымен жоспарланған, қазіргі таңда ірі түйіршікті асфальт жабындысы төселуде. 2027 жылы Айтқұлов-Әзербайжан көшесі аралығында жоғары беткі қабаты қиыршықты-мастикалық асфальт жабындысы төселеді.

Осыған байланысты жұмыс жүргізілетін аумақтарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Себебі жолдағы әрбір өзгерістің түпкі мақсаты – қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз ету.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
179 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
214 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
193 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
232 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
244 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»