8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2026 67 0
Без рубрики

16 команда адалдық пен әділдік тақырыбында пікір таластырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирге өңірдің мемлекеттік органдарынан құралған 16 команда қатысып, мемлекеттік қызметтегі адалдық, әділдік, жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және азаматтық ұстаным мәселелерін талқылады. Әр команда өз көзқарасын қорғап, келтірілген дәлелдерге сүйене отырып, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді.

Пікірсайыс барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшінің шешім қабылдаудағы жауапкершілігі, қоғам алдындағы міндеті және қызметтік әдеп қағидаттарын ұстануы жөніндегі ойларын ортаға салды. Тақырыптар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру қатысушылардан мәселені жан-жақты қарастыруды, дәлелді сөйлеуді және қарсы пікірге негізді жауап беруді талап етті.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының командасы иеленді. Екінші орын Орал қаласы әкімінің аппаратының екінші командасына бұйырса, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының командасы алды.

Жеке номинациялар бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының қызметкері Д. Танзенов «Үздік спикер» атанды. «Адал азамат» номинациясы Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері А. Жумагазиевке берілді. Ал «Үздік дәлел» номинациясын Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері Т. Нұрғалиев иеленді.

Турнир мемлекеттік қызметшілердің өз ұстанымдарын дәлелмен қорғауына, кәсіби мәселелерді талқылауына және адалдық пен әділдік қағидаттарын нақты жағдайлар тұрғысынан қарастыруына мүмкіндік берді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
179 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
214 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
193 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
232 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
244 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»