«ОРАЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СТАНЦИЯСЫН» ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
3 қарашасы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексовтің төрағалығымен Деркөлдегі «Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған басқосуда ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілері егістік және мал шаруашылығына қатысты ақпараттармен танысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиын барысында И.Стексов биылғы егістің көрсеткішін айта келе, «Орал шаруашылық тәжірибе станциясын» ірі астық егетін компанияларға сенімді басқаруға беруді ұсынды. Станцияның ірі астық егетін шарушылықтарсыз жұмыстануы қиынға соғатыны анық, оған егістік керек, бірлесіп әрекеттену арқылы жағдайды түзей аламыз, тұқым қорын қалыптастыру жұмыстарына кірісуіміз керек, бұған станцияның бір өзінің ғана күші жетпеуі мүмкін екенін айтты.
– Биыл жалпы орташа өнімділік 6 центнер гектарды құрады. Бізде қажетті препараттар, гербицид, тыңайтқыш тағы басқасы да жеткілікті болды, қолдан келетіннің барлығы жасалды. Әрі соңғы жылдардағы қолайсыз ауа райы да егіннің бітік шығуына зардабын тигізуде. Тәжірибе станциясы элиталық тұқым шаруашылығының мәртебесін алған, ол жоғары репродукциялық және элиталық тұқымдарды өсірумен айналысады, сонымен қатар асыл тұқымды герефорд төлдерін басқа кәсіпорындармен бәсекелессіз жеткізуші болып табылады. Негізгі сатып алушылары ауыл шаруашылықтары, – деп атап өтті аталған станция директорының уақытша міндетін атқарушы Валентина Лиманская.
Ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым және астық инспекциясы бөлімінің басшысы Кеңес Кайдашев Елордада өткен Агрофорумда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа механизм енгізіліп, ең төменгі нормаға сәйкес барлық шаруашылықтар бағдарламаға қатысуға тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, сорт жаңарту, ауыстыруға қатыспаған шаруашылықтардың жерлері қайтарылады және жыл сайын тұқымды жаңартып отыру қажет екендігін айтып өтті.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Аскар Наметов, «Белес» компаниясының бас директоры Мұрат Жәкібаев өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, ауыл шаруашылығы саласында қарастырылатын демеуқаржы мәселелері жайында сөз қозғап, ортақ консорциум құру арқылы жұмыстануға шақырды.
Нұргүл Мұқанова, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу