8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2026 420 0
Жол / Құрылыс

«Орал–Атырау» автожолында орташа жөндеу жұмыстары басталды

Биыл өңір үшін маңызды көлік бағыттарының бірі саналатын «Орал–Атырау» автожолында орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жоба аясында жолдың Батыс Қазақстан облысы аумағындағы 180 шақырым бөлігі жаңартылмақ.

Жөндеу жұмыстары барысында жолдың төменгі қабатына ірі түйіршікті, ал жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальтбетон төсеу жоспарланған. Сонымен қатар жол бойында жолаушылар мен жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 22 аялдама павильоны орнатылады.

Аталған бағыт бойынша үш жоба жүзеге асырылуда. Оның екеуін «Приоритет» жол-құрылыс компаниясы, біреуін «Айдана» ЖШС жүргізіп жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев мердігер ұйымдардың жұмыс барысымен танысып, жауапты мекемелерге жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
278 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
254 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
292 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»