ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін, 15 сәуір күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтің өкімімен Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы тағайындалды.

Ерлан Ерсайынұлы – 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының Әжібай ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес мамандығы жоғары оқу орындарын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Жалпақтал ауданының Г.Мулдашев атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі қызметінен бастады.
1997-2001 жылдары – Орал қаласының №41 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі
2001 –2004 жылдары – Орал қаласының №19 орта жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2004 – 2005 жылдары – Орал қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысының әдіскері
2005 – 2006 жылдары – Орал қаласының білім және спорт бөлімі бас маманы
2006 – 2007 жылдары – Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
2007 – 2008 жылдары – Орал қаласы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жауапты хатшы-бас маманы
2008–2012 жылдары – Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау,кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы
2012 – 2013 жылдары – Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры
2013 жылы – Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімі басшысының міндетін атқарушы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары
2013 – 2015 жылдары – Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары
2015 –2017 жылдары – Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы
2017 – 2018 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкім аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы
2018 – 2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкім аппаратының талдау және бақылау бөлімінің басшысы
Ал 2019 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу