8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2018 3201 0
Жалын

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жұмысымен танысып, орталыққа келетін жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  биыл ақпан айында ресми түрде өз жұмысын бастады. Мекемеде 15 қызметкер бар. Олар жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды жастарға түсіндіру, теологиялық кеңес беру және мониторинг жұмыстар жүргізу бағыттарында жұмыс жасайды.

Әр бөлімнің жұмысымен танысқан қала басшысы коворкинг орталықта студент-жастармен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Мекеме басшысы Болатбек Сахиев жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, еріктілер қозғалысын кеңінен дамыту жобаларын жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді. Арнаулы және жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында барлық оқу орындарымен және қалалық жұмыспен қамту ортылығымен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Белсенді студент Наргиза Қибатова қала орталығында коворкинг орталықтың ашылуы жастардың дамуына, сабаққа дайындалуларына көмегін тигізгенін атап өтті. Сондай-ақ осы орталықтан тегін тілдік оқыту курсы ашылғанын қалайтынын жеткізді. Басқа да студенттер бұл ойды жалғап, қаланың басқа шағынаудандарында коворкинг орталықтар ашып, тегін курстарды ұйымдастыруды ұсынды. Жастардың шығармашылығын дамыту мақсатындағы ұсыныстар да айтылды.

– Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан жастардың нақты ұсынысы бізге маңызды. Коворкинг орталықтар ашу үшін оқу орындары базасынан немесе жаңадан салынған ғимараттардан орын қарастыратын боламыз, – деді Мұрат Рахметұлы.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»