8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2021 769 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АБАТ ШЫНЫБЕКОВ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше,  17 маусым күні Орал қаласында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңесте оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа оқу жылында атқарылатын міндеттер анықталды. Осы кеңеске қатысқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова атап өткендей, Орал қаласындағы білім беру мекемелері Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес үш жылға арналған мектептің даму бағдарламасын жасады. Әр мектеп өз мектебіне талдау жасап, басымдылығын нақтылады. Биылғы тамыз айында сол жұмыстар қорытындыланады әрі  кезекті оқу жылының басымдылықтары анықталады  деп күтілуде.

Семинар-кеңесте қалалық білім беру бөлімдерінің секторлары өткен жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Осы орайда білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Дауымова білім сапасы және қала мектептері оқушыларының қозғалысына тоқталды. Облыс орталығында қалалық білім беру бөліміне бағынысты 51 жалпы білім беру мектебі және 1 кешкі бір ауысымды мектеп бар. 51 мектептің  49-ы –орта, екеуі – негізгі мектеп. Білім ұяларының бесеуі – мектеп-лицей, бесеуі – мектеп-гимназия. Айтжан Мақсотқызының мәліметіне сүйенсек, кейінгі жылдары қазақ мектептерінің саны көбеюде. Бұл ата-аналардың сұранысына сай қазақ сыныптарының көбірек ашылуына байланысты болып отыр.

Білім бөлімнің бас маманы Жазира Рысқазиева мектептердегі тәрбие жұмысы  бойынша жүргізілген жұмыстарға шолу жасады. Тәрбие жұмысы барысында құқықбұзушылықтың алдын алу өзекті екеніне ерекше  басымдық берді. Қалалық білім беру бөліміне қарасты алты қосымша білім беру ұйымында 13  мыңнан астам бала және қала мектептеріндегі 700-ден астам үйірме бойынша 38 мыңнан аса ұл-қыз ақысыз үйірмелермен қамтылған.

Педагогтарды кәсіби қолдау, дарынды балалармен жұмыс – білім бөлімінің басты назарында. 2020-2021 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше басымдылық берілді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Амертаева осы орайда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бөлінген көшбасшылық идеясын іске асыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау, білім сапасын көтеруде бес бағытта жұмыс жүргізілген.   Индира Сапарқызы өз сөзінде 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептердің рейтингі қорытындысын мәлім етіліп, үздіктерді атады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада қорытындысында №35, 38, 28 мектеп-лицейлері және №36, 33 мектептер – үздік бестікте, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауы бойынша №41, 27, 38 мектеп-лицейлері мен Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия және А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия, №33, 9 мектептер – үздік деп танылған. Педагогикалық озық тәжірибені таратуда №42 «Ақ ниет» гимназиясы, А.Тайманов атындағы №34, Д.Қоанев атындағы №44 мектеп-гимназиялар және №7, №37 мектептер мен №41 мектеп-лицейі – үздіктер қатарында. Сондай-ақ әр пән бойынша үздіктер рейтингісі шығарылған.

Оқу жылында жалпы 33 жоба бастау алды. Әр мектеп өздерінің бағыттарын айқындап, сол жоба бойынша жұмыстануда. Өйткені, білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Мүтиғоллақызының айтуынша,  бұрын әр түрлі шаралар  өткізілгенімен, жүйелілігі, нәтижесі бағаланбайтын. Жобаның артықшылығы – белгілі бір бағытта жоспар құрылып, нәтижесіне талдау жасалады. Семинар-кеңес кезінде жолға қойылған және облыс көлемінде тәжірибелері таратылып отырған мектептердің жобалары таныстырылды. Мәселен, Ж.Молдағалиев атындағы №2 орта мектеп директоры Әлима Төреғалиева «Экомектеп» жобасы аясындағы жұмыстар, №46 орта мектеп директоры Ибагүл Сатдықова «Оқуға құштар мектеп» жобасы туралы, №33 орта мектептің басшысы Үміт Ерғалиева «Әлеуметтік пресса» жобасын, №28 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі директоры Вадим Болдырев «Олқылықтарды жою жобасы» аясындағы жұмыстарды таныстырды.

Семинар-кеңесті қала басшысы Абат Шыныбеков қорытындылап, білім бөлімі қызметкерлерінің пандемия жағдайында оқушыларға білім беруді үздіксіз жүргізгендері үшін алғысын айтып, қолға алынған жобаларға оң бағасын берді.

–   Қалада ресми түрде 320 мыңнан астам тұрғын бар. Ресми тіркеуге тұрмай-ақ қалада өмір сүріп жатқандар, саяжайда тұратындар бар. Олардың балалары да қаламыздағы мектептерде білім алады. Пандемия жағдайында бәріне бір деңгейде білім, тәрбие беру ауыртпалық болғаны сөзсіз. Сондықтан биылғы оқу жылындағы еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Осындай еңбектің нәтижесінде қаншама жұмыс атқарылғаны көз алдымызда. Көптеген оқушы республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері атанды, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иеленген түлектер қатары артты. Ол – біздің жетістіктеріміз. Осы үрдісті сақтап, әрі қарай жалғастыруымыз қажет, – деді Абат Абайұлы.

Мемлекет тарапынан білім саласын дамытуға әрдайым қолдау жасалуда. Өткен жылы үш мектеп күрделі жөндеуден өтіп, екі жаңа мектеп тапсырылды. Биылғы жылы №33 орта мектептің іске қосылуы күтілуде. Сонымен қатар қала басшысы №18 мектепті жыл аяғына дейін тапсыру туралы құрылыс компаниясына ұсыныс жасалғанын және облыс басшысы қала аумағына инвесторлар арқылы жеке мектептер салу мәселесін қойып отырғанын жеткізді.

Кейінгі жылдары «Рухани жаңғыру» аясында мектеп түлектерінің өз туған жерлеріне, өз мектептеріне қомақты қолдау көрсету үрдісі бойынша «Түлектер тартуын» ұйымдастыруды ұсынды. Бұл облыстың елдімекендерінде  жақсы бастау алған болатын, қалада да дәл осындай үрдіс қолға алынса құба-құп.   

Оқу жылының қорытынды кеңесінде оқу жылының үздіктері марапатталды. Желілік қауымдастық менеджерлері қала әкімінің алғыс хатына, қалалық білім беру бөлімі басшысының Құрмет грамотасына, алғыс хатына ие болды. ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығы қарсаңында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша сапалы білім мен тәрбие беру жүйесінде саналы ұрпақ қалыптастырудағы жоғары көрсеткіші үшін №35 мектеп-лицейі жүлделі бірінші орын берілді. №41 мектеп-лицейі – екінші, №28 мектеп-лицейі – үшінші дәрежелі дипломмен мадақталды.

 Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
23 Шілде 2021
482 0
Қалалықтар қаперіне
ВАКЦИНА АЛҒАН БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БАР
23 Шілде 2021
529 0
Қоғам
ШАРУАЛАР ЖАЙЫНА АЛАҢДАДЫ
19 Шілде 2021
501 0
Қоғам
ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР
16 Шілде 2021
754 0
Дені сау ұлт
БҚО ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 41 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ
16 Шілде 2021
745 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫН АШУДА
16 Шілде 2021
815 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»