8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Наурыз 2023 1569 0
Мәдениет

Оралға Наурыз шашу шашты

 

Тұңғыш Президент атындағы алаңда «Жаңарған ел – бақ қонған ел» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

Сахна төрінде Құрманғазының күйлері күмбірлеп, Хамза Есенжанов мен Тайыр Жароковты сомдаған қойылым көрсетіліп, балақайлар «Қош келдің, Наурызым!» әнін шырқап, түрлі ұлт өкілдері би биледі.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, жаңару мен жаңғыру мейрамымен құттықтады.

 

Алаңды жағалай көздің жауын алатын ұлттық нақыштағы заманауи бұйымдардың жәрмеңкесі өтті. Сонымен қатар, Спорт ауылында арқан тартыс, күрес ойындары ұйымдастырылды.

Жиналған халық мерекелік концерт тамашалап, киіз үй дастарқандарынан дәм татып, алтыбақан теуіп, кимешекті әжелер шеруін тамашалады.

Әз мейрам, ұлыстың ұлы күні құтты болсын!🇰🇿

 

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»