Олжас Бектенов: «Газ саласына экономикалық негізделген тарифтік саясат қажет»
Үкімет газ саласына инвестициялар тартуды ынталандыру және газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Президенттің елді толық газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет түрлі мүмкінедіктерді қарастыруда, оның ішінде өзіміздің газ ресурстарын пайдалану, сондай-ақ шектес мемлекеттерден газ импорттау шаралары да бар. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру мақсатында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін салуды жалғастыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін қуаттылығы жылына 15 млрд текше метр болатын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу қарастырылып отыр. Бүгінгінде қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрге дейін жететін, үш жаңа компрессорлық стансасы бар ұзындығы 1 450 шақырымдық газ құбырының желілік бөлігін салуды көздейтін бірінші кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, Үкімет Солтүстік және шығыс аймақтар үшін көрші елдерден газ импорты бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.
Олжас Бектенов газ саласын одан әрі дамыту теңдестірілген және экономикалық негізделген тарифтік саясатты қалыптастырып алмай мүмкін емес екенін атап өтті.
«Біздің ішкі нарықтағы газ бағасы әлемдік нарықтан әлдеқайда арзан, сондықтан біз бірқалыпты, бұрмаланбаған жағдай туғызу мақсатында бағаны біртіндеп көтерілуін қадағалайтын боламыз. Сонда газ саласы инвестициялық тартымды болып, дамитын болады», — деп атап өтті Премьер-министр.
primeminister.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру