Облыстық мәслихатта жаңа төраға!
Бүгін, 30 наурыз күні облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы болып өтті. БҚО мәслихатының үлкен залында өткен жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Миржан Сатқанов және орынбасарлары мен басқарма, департамент басшылары қатысты. Жаңадан сайланған халық қалаулыларына зор жауапкершілік жүктелген сессияда БҚО мәслихатының төрағасы болып Мұрат Мұқаев бірауыздан сайланды.
Сондай-ақ, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бас қосқан сессияда алдымен БҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов хабарлама жасады. Сайлау қорытындысы жайында толық мәлімет беріп, жаңадан сайланған депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыстады. Бұдан соң облыс басшысы Нариман Төреғалиевке сөз берілді.
Қайырлы күн қадірменді қауым! Сіздерді жаңадан сайланған алғашқы облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы бірінші ұйымдастыру сессиясымен құттықтаймын. Сайлауда жеңіске жеткен депутаттардың жұмыстарына сәттілік тілеймін. Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында еліміз үшін аса маңызды сайлау туралы бағдарлама ұсынған болатын. Осы бағдарламаның біртұтас бөлігі болатын ұзақ мерзімнен кейін елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының бір мандаттық және партиялық тізім арқылы аралас сайлауы болып, өз мәресіне жетті. Сайлау науқаны тартысты өтті деуге негіз бар. Өйткені, бір орынға бірнеше адам таласты. Сайлаушылардың басым дауысына ие болған 30 депутат сайланып, өңірімізде алғаш рет 5 саяси партияның өкілдері депутаттық мандатқа ие болды. Сонымен қатар 158 үміткер аудандық және қалалық мәслихат депутаттары болып отыр. Ақпараттық технология дамыған заманда халық бәрін жіті бақылауда,- дей келіп Мемлекет басшысының күні кешегі Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін ойға оралтты. – «Бұл сайлау – үміткерлерге қойылатын талаптың өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Жалпы, депутаттың алдында бір міндет тұр. Ол бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану, күн сайын алдыңғы қатарда болып, нақты шешімдер қабылдап, халық алдында жауап беру. Өңіріміздегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету. Мемлекет басшысы оларға инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы адамдарды қолдау, адам құқықтарын қорғау жүйесін жалғастыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру сияқты елімізді одан әрі дамыту, Әділетті Қазақстан құруға алдағы бесжылдықта шағын және орта бизнесті қолдау, ұлттық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру, тұрақты әрі ашық салық жүйесін қалыптастыру, бюджеттің әрбір тиынын шашпай, тиімді жұмсау керектігі туралы айтып өтті.
Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді. Осы ретте депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Сессия барысында депутаттық корпустың шешімімен облыстық мәслихаттың төрағасы болып Мұрат Мұқаев бірауыздан сайланды. Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың хатшысы Мұрат Мұқаев жиынды жалғастырып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдады.
Сондай-ақ, жиында комиссиялардың, атап айтқанда, қаржы, бюджет саласы бойынша, екінші инновациялық даму, кәсіпкерлік, үшінші әлеуметтік, мәдениет пен білім саласында, төртінші аграрлық, табиғатты пайдалану бағытында мүшелері мен оның төрағалары және орынбасарлары сайланды.
Гүлжан АЯЗБАЕВА, суретке түсірген Р. Халелов.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру



Пікір үстеу