8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 1955 0
Қалалықтар қаперіне

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ ТАРИФІ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Қала аумағындағы қоқыс жинаумен айналысатын «Орал таза сервис» компаниясы тұрмыстық қалдықтарды шығаруға төленетін төлемді қазіргі бағадан 100 теңгеге қымбаттатуды ұсынуда. Яғни, әр тұрғын үшін коммуналдық төлем – 300 теңгеден болуы керек. 

Өткен жылдың тамызында «Орал таза сервис» ЖШС қоқыс шығару құнын көпқабатты үй тұрғындары үшін 215, жеке секторларда 219,4 теңгеге бекіткен болатын. Бірақ,  Елбасының тапсырмасымен коммуналдық төлемдердің ақысы 10  пайызға төмендеді. Соған сәйкес қазіргі уақытта қоқыс шығару құны жан басына көп қабатты тұрғын үйлерде – 193, жеке сектор тұрғындары үшін – 197 теңге. Дегенмен, қоқыс шығарушы компания басшылығы бұл тариф компанияның шығынын ақтамайтынын айтады. Оған қоса қала тұрғындарының 60 пайызы ғана коммуналдық төлемді уақытылы төлейді, ал қалған 40 пайызы тұрмыстық қалдықтарды шығарғанымен, төлемін төлеуге құлықсыз. Бүгінде оралдықтардың қоқыс үшін аталған мекемеге берешегі 200 млн. теңгеге жеткен.

Тариф көтерілсе, мекеме алдымен техникаларды жаңартуды және жұмысшылардың жалақысын арттыруды көздеп отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»