«Нефтебаза» ауданындағы көпір жабылады
Қарашаның 1-інен бастап «Нефтебаза» ауданындағы осыдан қырық жыл бұрын салынған, қазір апатты жағдайда тұрған көпірдің демонтаждау жұмыстары басталады. Күні бүгінде көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мердігер компания анықталған, енді ескі көпір толығымен бұзылып, орнына жаңа көпір пайда болады. Жоба құны 5 млрд. теңгені құрайтын көпірдің құрылыс жұмыстары 2019, 2020, 2021 жылдарға жоспарланған. Бірақ жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, құрылысты екі жылда аяқтау көзделген. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев журналистермен өткен брифингте мәлімдеді.

– Соңғы жылдары қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде автомобиль жолдарын, көпірлерді, аула аумақтарын қайта құрылымдау, спорт алаңқайларын жабдықтау бойынша көптеген жұмыстар жасалды. Күні бүгінде 112 шақырымдық жол жөнделді. Екі жыл ішінде 49 аула абаттандырылды. 24 спорт алаңқайы салынды. Меценаттардың қаражаты есебінен 4 тынымбақ пайдалануға берілді. Мұндай кең көлемді жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады. Қазіргі таңда 80-нен аса көшенің 80 шақырымдық жолын жөндеу жоспарланды. Бұл жұмыстар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асады. Бүгінде шаһарымызда 330 мыңнан аса халық тұрады. 2000 жылмен салыстырғанда халық саны 120 мыңға артты. Сол жылдары қалада автокөлік құралдары 30 мыңның шамасында болса, қазір олардың саны 100 мыңнан асып отыр, яғни үш есе көбейген. Халық санының артуына орай жаңа шағынаудандар салынып, әлеуметтік нысандар көптеп пайдалануға берілді. «Нефте база» ауданындағы көпір құрылысы жүргізілетінін тамыз айында хабарлаған болатынбыз, – деді қала басшысы.
Мұрат Рахметұлының айтуынша, Жаңа көпірдің ұзындығы 1 шақырымға жуық, яғни 988 метр болады, бұл Депо көпірімен салыстырғанда 600 метрге ұзын. Мұнда жаңа технологиялар қолданылады. Жер асты сыбайларының тереңдігі 20 метр, ал Депо көпірінің жер асты сыбайы 14 метр болған. Жұмысты қаржыландыру «ҚПО б.в.» компаниясының қаражаты есебінен қарастырылып отыр. Бас мердігер болып «КА-Строй ЛТД» ЖШС анықталған. Көпірдің ені 13 метрден 20 метрге кеңейтіліп, екі қозғалыс жолағы төрт жолаққа дейін ұлғаяды. Жаяу жүргіншілер жолы бір метрден, 1,5 метрге ұзартылады. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілуі қатаң қадалауда болады. Желілерді ауыстыру секілді техникалық сұрақтар бойынша жауапты монополияға қарсы мекемелермен келісімдер жасалған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жаңа қоғамдық көлік қозғалысы жасақталыпты. – Биыл оң жақ бұрылыстарға ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Төрт оң жақ бұрылыстың үшеуі аяқталды. 2 Жұмысшылар ауданындағы 5 маңызды көше жөнделді. Қоғамдық көліктер осы көшелермен қатынайтын болады. Бұл мәселе ешқандай қиындық тудырмайды. Депо ауданындағы көпірді жөндеу кезіндегі тәжірибе көрсеткендей, аздаған қиындықтар туындағанымен, көпірді жаңарту маңызды, – дейді қала әкімі.
Қазір аталмыш аудандағы көпірге жақын маңда орналасқан үш үй тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қожайындарымен келісімдер жүргізілуде. Оларды уақытша көшіруге 5 шағынаудандағы және Зашаған кентіндегі жаңа үйлерден пәтерлер дайын тұр.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу